Жеңіске 80 жыл: Әскери парадқа дайындық қалай жүріп жатыр

Фото: Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі
04.04.2025 09:55
1424
Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Далалық лагерьде дайындықтың негізгі кезеңдері аяқталды:
Парадқа қатысушылардың дені қазірдің өзінде елордаға келіп, барлық бөлімшенің біртұтас күшіне біріктіріліп, қарқынды жаттығуларға кірісті.
Биыл шеруге 24 парадтық есептоп қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп жүріп өтеді, олардың қатарында тарихи кезеңді көрсететін техника үлгілері де бар. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады.

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық боксшы Әлем кубогында қола жүлдегер атанды
Келесі жаңалық
Геннадий Головкинге тағы бір атақ берілді