Шаңды дауыл, найзағай: 11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Бүгін атмосфералық фронтальді бөлімдердің әсерінен ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Елдің батысында, солтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр немесе қар түрінде түседі.
Тек оңтүстігінде, шығысында, республиканың орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Ел бойынша жел күшейіп, елдің батысында, шығысында тұман түседі, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +23,+25°C, желдің жылдамдығы 9-14, кей уақыттарда екпіні 15-20м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +28+30°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
