Жаңалықтар

Малайзияда газ құбыры жарылды

Малайзияда газ құбыры жарылды
Фото: Видеодан алынған кадр 01.04.2025 14:22 439

Жарылыс ел астанасы Куала-Лумпурдың маңында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, от бағанасы жарты шақырымға дейін көтерілген.

Sinar Harian дерегінше, жарылысқа Petronas газ құбырындағы ақау себеп болған.

Салдарынан бірнеше үйге зақым келіп, кемінде 33 адам жарақат алды. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Жарылыс болған аудан тұрғындары эвакуацияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға