Жаңалықтар

Есірткі жарнамалаған жезқазғандық сотталды

Есірткі жарнамалаған жезқазғандық сотталды
Фото: Pixabay.com 13.04.2025 19:08 542

Жезқазған тұрғынына есірткі жарнамалағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

26 жастағы ер адам қаланың әр жеріне есірткі саудалайтын сайттардың мекенжайы жазылған хабарландыруларды жапсырып жүрген жерінен ұсталды. Ұлытау облысының прокуратурасы мәлімдегендей, сот оны кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Ведомство өкілдері ескерткендей, қылмыстық жауапкершілік тек есірткіні сатқандарға ғана емес, оны кез келген түрде жарнамалаған адамдарға да қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға