Жаңалықтар

Өзбекстанның шығармашылық делегациясы Маңғыстау облысына келді

Өзбекстанның шығармашылық делегациясы Маңғыстау облысына келді
Фото: Бейнежазбадан скриншот 04.04.2025 01:31 438

Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкерлері Өзбекстанның шығармашылық делегациясын қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдік қонақтар «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Делегация құрамындағы қолөнер шебері Санжар Исхаков халықаралық жоба түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жағдай жасайтындығын атап өтті.

"Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы" іс-шарасы түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жағдай жасайды. Мен Маңғыстау өңіріне алғаш рет келіп отырмын. Бізді құрметпен күтіп алған әріптестерімізге алғысымды білдіремін. Ақтаудағы халықаралық іс-шарада бауырлас елдер болып жоғары деңгейде өнер көрсетеміз деп есептеймін, - деді Санжар Исхаков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға