Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапты

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапты
Фото: Otyrar.kz 28.03.2025 13:03 1300

Оңтүстік Кореяда, Сохэан автомагистралінде Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Korea JoongAng Daily басылымы мәлімдеді.

Апат Кёнгидо провинциясындағы Хвасон ауданы маңында, түнгі сағат 00:30 шамасында орын алған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Mercedes-Benz көлігі жол бойындағы қоршауға соғылып, соққыдан кейін бірнеше метрге ұшып кеткен. Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 30 минуттың ішінде ауыздықтағанымен, көлікте болған төрт жолаушының барлығы көз жұмды.

Қазіргі уақытта жергілікті полиция апаттың нақты себептерін анықтап, қаза тапқандардың тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Otyrar.kz қайтыс болған азаматтардың денесін Қазақстанға жеткізу үшін Шымкентте қайырымдылық науқаны ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді. Қажетті қаражат көлемі — 36 миллион теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға