Жаңалықтар

Павлодар облысында су тасқыны кезеңі тәулік бойы бақылауда

Павлодар облысында су тасқыны кезеңі тәулік бойы бақылауда
Фото: Павлодар облыстық ТЖД 26.03.2025 22:06 581
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов облыстық ТЖД бастығы Рустамбек Амринмен бірге соңғы аптада облыс аудандарына екі рет аэровизуалды тексеру жүргізді. Ведомство өңірдегі су тасқыны кезеңі ерекше бақылауда екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Ащысу, Айдос, Бала-Шідерті, Қарасу өзендерінің бақылауында таулар мен таулы жерлерде қардың еруі есебінен еңіс ағындардың пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, ерекше назар аударатын аймақта Шолақсор ауылы мен Селеті өзені бар.
 
Ұшу барысында су тасқыны қаупі бар учаскелер зерттелді, су айдындарының жай-күйі бағаланды, ықтимал қауіптер анықталды. Қорытындысы бойынша тәуекелдерді азайту бойынша шаралар белгіленіп, қауіпті аймақтарды уақытылы анықтау және қажетті шараларды қабылдау үшін осы аудандарға топтар жіберілді.
Су тасқынынан қауіп төнген жағдайда жедел ден қою мақсатында жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған қаптарды алдын ала дайындады. Инженерлік техниканы дайындыққа келтірді, құтқарушылар мамандандырылған техникада Шолақсор ауылының үш бекетінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.
Облыста су тасқыны қаупіне ден қою мақсатында азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары дайындалды. Олар: 2383 қызметкер, 737 арнайы және инженерлік техника, 342 су сорғыш және 24 жүзу құралы,-деп облыстық облыстық ТЖД.
Павлодар облысының аумағында су тасқынының қауіпті кезеңнен өтуі тәулік бойы бақылауда, азаматтық қорғаудың барлық қажетті күштері мен құралдары жұмылдырылған.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға