Жаңалықтар

Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды

Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі 26.03.2025 23:12 661

Түркістанда шайбалы хоккейден 2015 жылы туған жасөспірімдер арасында «Федерация кубогы» республикалық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Спорттық доданың ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты. Ол өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тілеп, бүгінгі жарыс қысқы спорт түрлерін дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі екенін атап өтті.

Бұл жарыс өңірімізде қысқы спортты дамытуға, жастарды салауатты өмір салтын баулуға және чемпиондарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосады. Облыста қысқы спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Қысқа Азия ойындары мен халықаралық аренада Қазақстан спортшылары жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Біздің де мақсатымыз – осы үрдісті жалғастырып, болашақ жеңімпаздарды дайындау. Өңірде арнайы спорттық инфрақұрылым дамытылып, жас спортшыларды қолдау жұмыстары күшейтілуде. Қазіргі таңда таңда Мұз сарайында хокей, шорт-трек және мәнерлеп сырғанау  спорт түрлерінен  400-ден астам жас  спортшы жүйелі түрде шұғылдануда, – деді облыс басшысының орынбасары.

«Мұз сарайында» басталған шайбалы хоккей бәсекесінде 10 команда бақ сынауда. Қатысушы спортшылар саны -136. Олардың қатарында Алматы қаласынан бес бірдей команда «Strizhi-2», «Tengri», «Alma-Ata», «Dinamo» «Dinamo-2» командалары бақтарын сынап жатса, Ташкент қаласынан «Humo», Петропавлдың «Qulager», Шымкент қаласының «Tornado», Бішкек қаласының «Alga», Өскеменнің «Torpedo» Түркістан облысының «Sarymaq» сынды құрамалары бар.

Ұйымдастырушылардң айтуынша, жарыстың  мақсаты – жасөспірімдер арасындағы достықпен пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау,  сондай-ақ елімізде шайбалы хоккей спортын дамытуға бағытталған.

Айта кетсек, турнир 28 наурызда мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға