Жаңалықтар

Талдықорғандықтар бір күнде 200 ағаш отырғызды

Талдықорғандықтар бір күнде 200 ағаш отырғызды
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 29.03.2025 02:31 812

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында 200 ағаш отырғызылып, соның 100-і Ардагерлер саябағына егілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықтың экологиялық жауапкершілігі мен қоршаған ортаға қамқорлық сезімін арттыру, өңірдің жасыл аймақтарын дамыту мақсатында өткізілген бұл экологиялық шараға қала тұрғындары, бірқатар облыстық басқармалар мен оларға қарасты коммуналдық мекемелер қызметкерлері қатысты.

Ағаш отырғызуға қатысқан тұрғындардың бірі Нұрболат Аликенов экологиялық шаралардың тұрақты өткізілуін қолдайды:

Ер адамның өмірдегі басты міндеттерінің бірі – ағаш отырғызу. Мен балаларыма қоршаған ортаны таза ұстауды, табиғатқа ұқыпты қарауды үнемі айтып отырамын, оны өз іс-әрекетіммен үлгі етіп көрсетіп отырамын. Бала көргенін істейді. Сондықтан мұндай шаралар өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жақсы ықпал етеді деп ойлаймын. Туған өлкемізді жасыл желекке айналдырып, ауасын таза, табиғатын көркем ету өз қолымызда, - деді ол. 

Айта кететін жайт, Президент 2020 жылғы Жолдауында бес жыл ішінде орман алқаптарына 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызуды тапсырған еді. Осыған байланысты облыста 2021-2025 жылдары 538 мың көшет отырғызу жоспарланған, бүгінге дейін соның 418 мыңы отырғызылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға