Жаңалықтар

Көкшетауда өртке қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

Көкшетауда өртке қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 29.03.2025 04:32 796

Ақмола облысының өрт сөндірушілері өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіп, ТЖД, полиция, жедел жәрдем және коммуналдық қызметтерімен ТЖ кезіндегі өзара іс-әрекеттерді пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін сапталу кезінде Көкшетау қаласының ТҚКС бірінің өртенуі туралы шақырту келіп түсті. Шақыру орнына дереу өрт сөндіру бөлімдерінде болған өрт есептері шықты, қосымша күштер мен құралдар оқу-жаттығу орнынан тікелей жіберілді.

150 шаршы метр аумақта ТҚКС өрттің орын алғаны анықталды. Отпен бір көлік жойылды. Өрт орнынан құтқарушылар бір автокөлікті сүйреп тартып, 4 көмірқышқыл газы мен 3 газ баллонын шығарды.

Өртті сөндіруге қатыстырылған ТЖД және М. Габдуллин атындағы АҚА жеке құрамы өртті бір сағаттан аз уақыт ішінде толығымен жойды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда, - деп жазылған министрлік мәліметінде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға