Жаңалықтар

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 29.03.2025 07:34 806

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отырыс барысында Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішіндегі жетістіктерін, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда ҚХА-ның рөлін ерекше атап өтті. Кеңес жұмысы барысында Евгений Кочетов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады.

Сонымен қатар Кеңес мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚХА Кеңесінің жаңартылған құрамын қарастырып, ҚХА Аналар кеңесінің Үлгілік ережесін бекітті.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды. Мерейтой аясындағы басты іс-шара – 23-24 сәуірге жоспарланған ҚХА-ның ХХХІV сессиясы болмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға