Президент әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі ауысты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
11.03.2025 15:32
381
Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ал бұған дейін осы қызметті атқарып келген Айжан Болатқызы Шайназарова лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Келесі жаңалық
Бурабайда жеке монша өртенді