Азия чемпионаты: Екі палуан қызымыз жүлдесіз қалды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
27.03.2025 22:38
830
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатын екі спортшымыз жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, 50 келі салмақ дәрежесіндегі Ұлттық құрама спортшысы Светлана Анкичева қола жүлде үшін белдесуде моңғолиялық бозкілем шеберінен жеңілді. Есеп: 0-3. Сондай-ақ айтулы додада 59 келі салмақтағы спортшы Гүлдана Бекеш былтырғы нәтижесін қайталай алмады. Палуанымыз кіші финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022 ж) Се Мэньюйден (Қытай) оңбай ұтылды.
Еске сала кетейік, Гүлдана Бекеш былтыр дәл осы Иорданияда өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында 3-орын алған болатын.

Алдыңғы жаңалық
Құтқарушылар «Шымбұлақты» бағындырды
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды