Отандық боксшылар Армениядағы турнирге қатысады

Фото: ©El.kz/Мария Рузматова
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова
14.04.2025 01:15
520
14-19 сәуір аралығында Арменияда бокстан Ереван мэрінің кубогы турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – Еуропа бокс конфедерациясының (EUBC) ресми күнтізбесіне енген беделді аламан.
Sportaran.com мәліметінше, жарысқа 10 елдің былғары қолғап шеберлері қатысады: Армения, Кипр, Израиль, Ресей, Қазақстан, Грузия, Иран, Ирак, Палестина және Молдова.
Турнирдің жеребе тарту рәсімі 14 сәуірде өтеді.
Тартыс кездесулер өтеді деп күтілуде. Турнирдің өзі ірі халықаралық жарыстарға жақсы дайындық болады, - делінген Sportaran.com сайтында.

Алдыңғы жаңалық
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы: Алматыда көшпелі концерт өтті
Келесі жаңалық
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды