Астанада әйелдер денсаулығына арналған ашық талқылау өтті

Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне арналған ашық талқылау өтті. Іс-шараны Gedeon Richter Kazakhstan компаниясы Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Талқылауды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назым Жанғазинова жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – қоғам назарынан тыс қалып жүрген тақырыптарды ашық талқылауға арналған алаң құру. Жоғары санатты акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы Айнұр Төлетова кең таралған гинекологиялық аурулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, заманауи контрацепция әдістері және жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесінің маңызы туралы баяндады.
Талқылау барысында қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері де ұсынылды. Зерттеу көрсеткендей, респонденттердің 73%-ы жедел контрацепцияның бар екендігін біледі, бұл қоғамда осы тақырып бойынша хабардарлықтың біртіндеп артып келе жатқанын көрсетеді.
Алайда, 43%-ы жедел контрацепция бедеулікке әкелуі мүмкін деп есептесе, 55%-ы оны түсік жасатумен теңестіреді.
Айнұр Төлетова бұл кең тараған қате пікірлерді жоққа шығарды.
Жедел контрацепция препараттары ұрпақ өрбіту қабілетіне әсер етпейді. Олардың әсер ету механизмі уақытша және репродуктивті жүйеге зиян келтірмейді. Бұл - ғылыми дәлелденген факт. Препараттар овуляцияны немесе ұрықтануды болдырмайды, бірақ жүкті болған жағдайды үзбейді. Контрацепция – бұл денсаулыққа қауіп емес, керісінше, күрделі жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі, - деді ол.
«Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының өкілі Динара Бірмағанбетова осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Әйелдер денсаулығы тақырыбының ашық талқылана бастағанына қуаныштымыз. Әйелдер сенімді ақпаратқа қол жеткізіп, денсаулығына қатысты шешімдерді уақытылы қабылдай алуы өте маңызды, - деді компания өкілі.
Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен медиа тұлғалар қатысты, олардың ішінде тележүргізуші, журналист және медиаменеджер, «Maryam» қорының негізін қалаушы Ләйлә Сұлтанқызы және «Жақсылық клубы» қайырымдылық қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева бар. Олар түрлі қиын жағдайларға тап болған әйелдерге көмек көрсету тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, кездесу барысында Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлмира Абдрашева, Айнұр Төлетова және Назым Жанғазинова Kazakhstan Women’s Health жобасының амбассадорлары болып тағайындалды.
Іс-шараға жалпы саны 50-ге жуық адам, соның ішінде журналистер, қоғам қайраткерлері және депутаттар қатысты.
Анықтама:
1901 жылы негізі қаланған Gedeon Richter - Венгрияда орналасқан инновациялық фармацевтикалық компания. 1996 жылдан бастап «Гедеон Рихтер» компаниясының дәрі-дәрмектері Қазақстан фармацевтикалық нарығында ұсынылып келеді. 25 жылдан астам уақыт ішінде компания мемлекеттік құрылымдармен және медицина саласымен табысты ынтымақтастық орнатып, денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтарды қолдауда.
«Гедеон Рихтер Қазақстан» қазақстандықтардың денсаулығына ерекше мән береді және оны сақтау үшін инновациялық құралдар ұсынады. Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмек саны, түрлі дәрілік формаларды қоса алғанда, 100-ге жуықтайды.
Бүгінде компания Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді және елдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылады.
