Жаңалықтар

Шымкентте бір келі есірткімен курьер ұсталды

Шымкентте бір келі есірткімен курьер ұсталды
Фото: El.kz 27.03.2025 09:10 377

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті.

Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталды. Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді. Оның айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға