Дропперлер 100 млн теңгеден астам қаражатты иемденген

Полиция 100 млн теңгеден астам қаражатты иемденген дропперлер тобын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Алматы облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Telegram мессенджері арқылы алаяқтықпен айналысқан қылмыстық схеманың үш ұйымдастырушысы мен алты дропперді қола түсірді.
2024 жылғы желтоқсаннан бастап жетекші, өз атына немесе үшінші тұлғаларға банк карталарын ресімдеген 15-тен астам дроппер-тұлғалардан тұратын желіні басқарған. Осы шоттар арқылы 100 миллион теңгеден астам сомаға 500-ден астам операция өтті. Әрбір транзакция үшін жетекші комиссияның 5% алып отырған, бұл оған 10 миллион теңгеден астам пайда әкелді, – деп атап өтті киберполицейлер.
Қылмыстық схеманың үш ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде.
