Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» бойынша астаналықтардан екі мыңға жуық өтініш түсті

«Таза Қазақстан» бойынша астаналықтардан екі мыңға жуық өтініш түсті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 28.03.2025 19:42 683

Елордада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы қала тұрғындарының өтініштері белсенді түрде қабылданып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыру мәселесін қозғай алады. Жүйе жұмыс істей бастағалы бері 1600-ге жуық өтініш түсіп, оның 1362-сі орындалған. Өтініштердің негізгі санаттарына абаттандыру, жарықтандыру мәселелері, жол жөндеу, көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жатады.

Ескертулер уақытылы өңделеді, бұл тұрғындар үшін қолайсыздықты азайтуға көмектеседі. «Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындардың жылдам және ашық өзара байланысы. Қала тұрғындарымен белсенді байланыс орнатылып, олардың ескертулері мен ұсыныстары ескерілмек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға