Елімізде су басып қалған үш республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

Фото: t.me/qazavtojol
Фото: t.me/qazavtojol
26.03.2025 09:05
371
«ҚазАвтоЖол» еріген қар суының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысы:
«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымы Қандыағаш қаласы мен Ембі қаласының аралығы.
Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территорияда Мариновка ауылына жақын аймақтағы учаске.
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Петропавл қаласының айналма жолының» 4-7 шақырым,ы Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі аралық.
