Қорғаныс министрлігі астаналықтарға үндеу жасады

Қорғаныс министрлігі 2025 жылғы 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының «Индустриялық қалашық» аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған.
Осыған байланысты Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек.
Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз. Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністіктеріңіз үшін алғыс айтамыз, - делінген мәліметте.
