Жаңалықтар

Елімізде алты микроқаржылық ұйым күдікке ілінді

Елімізде алты микроқаржылық ұйым күдікке ілінді
Фото: ҚМА/Видеодан алынған кадр 27.03.2025 14:02 453

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, «Creditum» МҚҰ, «Sofi Finance» МҚҰ, «Hava Finance» МҚҰ, «SF Offline» МҚҰ, «POS Credit» МҚҰ, «Сәлем Кредит» МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Төлемдері кешіктірілген қарыз алушыларды «KOKE.KZ», «TENGO.KZ», «HAVA.KZ» платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген. Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген, - делінген мәліметте.

Белгілі болғандай, Аталған қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алып, азаматтарды қарызға батырған.

Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған. Мысалы, қарыз алушы Ш. 120 мың теңге несие алып, негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда тек кепілдік үшін 446 мың теңге төлеген, - деп қосты агенттік.

Осылайша, микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған.

Аталған заңсыз әрекеттерден жалпы сомасы 30 млрд теңге көлемінде шығын келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға