505.15
550.31
5.89

Адам ағзасын саудалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды

Polisia.kz
13 Наурыз, 10:12 470

Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың мүшесі болған деп айыпталған 35 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша Польша құқық қорғау органдары Украина-Польша шекарасындағы теміржол өткізу пунктінде 35 жастағы әйелді ұстады.

Қазақстан құқық қорғау органдары 2020 жылы оған халықаралық іздеу жариялаған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2017-2018 жылдары бұл қылмыстық топ Қазақстандағы медициналық мекемелерде заңсыз трансплантация операцияларын ұйымдастырған.

Қылмыстық схемаға Израиль, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары тартылған.

Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, күдікті донорлар мен реципиенттерді қарсы алып, орналастыру, олардың медициналық тексерістен өтуін ұйымдастыру, шығындарын өтеу және құпиялылықты сақтау жұмыстарымен айналысқан. Сондай-ақ донорларға реципиенттермен туыстық байланыстары туралы жалған ақпаратты жаттатқызған.

Қазіргі уақытта ұсталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: