Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
28.03.2025 22:10
806
Мемлекет басшысы Корея Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Оңтүстік Корея елінде болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны мен табиғат апатының қоршаған ортаға тигізген зияны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Осындай ауыр сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, барша Корея халқына, бақи болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жарақаттанған адамдардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін. Корей халқының төтенше жағдайдан туындаған қиыншылықтарды тез арада еңсеретініне кәміл сенемін, – деп жазды Президент.

Келесі жаңалық
Елордада «Парыз» байқауы басталды