Жаңалықтар

Наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады

Наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com 28.03.2025 15:17 2742

Қазгидромет 29, 30, 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес алдағы күндері де кең ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне әсерін сақтайды. Бұл өңірлерде күн шуақты болады.

Елдің батысында, оңтүстігінде фронтальды бөлімдер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ, тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға