Аяна Жолдас әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
30.03.2025 07:30
529
Швейцарияның Энгадин қаласында фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының іріктеу бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасындағы жекелей сында қатысқан отандасымыз Аяна Жолдас 74.82 ұпаймен он екінші орыннан көрініп, ақтық бәсекеге жолдама алды. Сондай-ақ ерлер арасында бақ сынаған спортшыларымыз Асылхан Асан (97.50 ұпай) 16-шы, Дінмұхаммед Райымқұлов (97.20) 18-ші, Шерзод Хаширбаев (95.88) 19-шы және Уланбакир Умурзаков 24-ші орынмен жарысты аяқтады.
Айта кетейік, чемпионатқа 10 елден 45 үздік атлет қатысып жатыр. Финалдық сайыстар ертең өтеді.

Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі су қоймаларындағы ахуал қандай
Келесі жаңалық
Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% артты