Жолаушылар мінген ұшақтан өрт шықты

Фото: youtube.com/@9news
Фото: youtube.com/@9news
14.03.2025 11:18
281
АҚШ-тың Денвер қаласының әуежайында ұшақ өртенді. Бұл туралы Fox News телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, жолаушылар ұшақ қанаты арқылы эвакуацияланған. Әзірге өрттің шығуына не себеп болғаны белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушылары шығатын есік маңы түтеп жатқан видеомен бөлісіп жатыр.
Денвер халықаралық әуежайы барлық жолаушы қауіпсіз жерге көшірілгенін алға тартты. Жарақат алғандар жоқ.

Алдыңғы жаңалық
Алматы «жеке уақыт белдеуіне» көше ме?
Келесі жаңалық
Ақтөбе әкімі 110 жастағы тыл еңбеккерінің үйіне барды