Жаңалықтар

БҚО-да дрон құлады. Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді

БҚО-да дрон құлады. Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді
Фото: GOV.KZ 26.03.2025 16:27 486

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев БҚО-да құлаған дронға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО-дағы ұшқышсыз ұшатын аппараттар бойынша барлық құзыретті органмен тергеу жүріп жатыр. Тергеуден Қорғаныс министрлігі тыс қалған жоқ. Әуе қорғанысымыз әрқашан біздің қарауымызда. Тергеудің қорытындысы бойынша, қажет болса, қосымша іс-шара қабылдаймыз. Тергеу аяқталғанша, нақты айта алмаймыз. Ол дұрыс емес деп есептеймін, - деді Жазықбаев.

Жазықбаев еліміздің әуе қорғанысы бақыланатынын жеткізді. Айтуынша, біздің әуе қорғаныс күшіміз ҰҚШҚ елдерімен ортақ жүйемен орналасқан.

Халықты алаңдамауға шақырамын. Ұшқышсыз ұшу аппаратының нақты не себепті құлағанын тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылдаймыз. Тергеумен ресми құқығы бар, оның ішінде Қорғаныс министрлігі де айналысып жатыр, - деп түсіндірді қорғаныс министрінің орынбасары.

Естеріңізде болса, БҚО-ның Тасқала ауданы аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға