Жаңалықтар

Алматы облысында бірқатар автожол бір айға жабылады

Алматы облысында бірқатар автожол бір айға жабылады
Фото: iStock 27.03.2025 17:02 421

Алматы облысында облыстық маңызы бар автожолдар көліктің барлық түрі үшін бір айға жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылғы 1 сәуір мен 30 сәуір аралығында жол-метеорологиялық жағдайлардың нашарлауына және қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты келесі облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылатынын хабарлайды:

КВ-45 «Талғар-Спутник» – 6 км учаскесінде:

КВ-64 «Түрген-Обсерватория» – 12 км учаскесінде:

Р-17 «Алматы-Талғар-Евгеньевка» – Есік көліне кіреберіс – 7 км учаскесінде:

Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді, сақтық шараларын сақтауды және баламалы маршруттарды пайдалануды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға