Астанада өрт кезінде алпысқа жуық адам эвакуацияланды

Фото: El.kz
Фото: El.kz
23.03.2025 23:41
664
ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Астаның Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталып, өрттің шығуына себеп болған.
ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді, шығу себебі анықталып жатыр.
Бұл ретте ТЖМ азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қаперге салады.

Алдыңғы жаңалық
«Афродита кубогы»: отандық гимнасшылар жүлдемен оралды
Келесі жаңалық
Астанада әскери қызметшілері өртті сөндірді