Әлем чемпионаты: Виктория Графеева қарсыласын ойсырата жеңді

Фото: Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы
11.03.2025 20:05
560
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында отандасымыз Виктория Графеева алғашқы жекпе жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үшінші жарыс күнінде 60 келі салмақ дәрежесіндегі спортшымыз Грекия боксшысы София Легакиді 5:0 есебімен жеңді.
Енді Виктория Графеева 1/4 финалда Виктория Өзбекстан-Вьетнам жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетсек, бұған дейін ұлттық құрама спортшысы Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына өткен болатын.

Алдыңғы жаңалық
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының ширек финалына өтті