Жаңалықтар

Түркістан облысында "Отбасы берекесі" атты форум өтті

Түркістан облысында "Отбасы берекесі" атты форум өтті
Фото: Сайрам ауданы әкімдігі 28.03.2025 04:19 401

Түркістан облысы Сайрам ауданында Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Азанғазықызы қатысуымен қоғамның өзекті мәселелеріне арналған «Отбасы берекесі»  тақырыбында форум өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форумда Оразкүл Асанғазықызы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының отбасы институтын нығайту, демографиялық дамуды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою бағытындағы жасаған әрекеттерін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет қайраткері әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбіріміздің ортақ парызымыз екендігін айтты. Мемлекет заңнамалық тұрғыда қорғау шараларын қабылдағанымен, азаматтық қоғамның бұл процесте белсенді рөлі болуы керек екенін ескертті.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, форум барысында отбасылық құндылықтар мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасулар болып, қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ, арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Оразкүл Асанғазықызының “Отбасы берекесі” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

Аталған рухани құндылықта отбасы институтының мәні, оның қоғамдағы орны, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершіліктері мен сүйіспеншілік туралы жазылған.

Қатысушылар форумның маңыздылығын атап өтіп, оның отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау тұрғысынан үлкен ықпалын тигізетінін айтты. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға