Жаңалықтар

Екібастұзда жолда жүріп бара жатқан трактор өртеніп кетті

Екібастұзда жолда жүріп бара жатқан трактор өртеніп кетті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 27.03.2025 00:18 573

Екібастұзда тұрғын үй жанынан өтіп бара жатқан трактор өртенді. Оқиға Беркімбаев көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт туралы хабарлама алған төтеншеліктер 15 минут ішінде қызыл жалынды сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Осы ретте ТЖМ тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға