Жаңалықтар

Түркістан облысында әжелер байқауы өтті

Түркістан облысында әжелер байқауы өтті
Фото: Кентау қаласы әкімдігі 12.04.2025 07:46 601

Түркістан облысы Кентау қаласында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында шаһардың 70 жылдығына орай  «Дәстүрімнің балқаймағы» атты әр шаңырақты берекесіне айналған әжелер байқауы  өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің  бойындағы  ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау.

Сайысқа қатысушылар ережеге сай, үш кезең бойынша өнер көрсетті. Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардың сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды. Асыл әжелеріміз өмірден түйгенін ортаға салды. 

Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Айзада Сагинбекова әже атанса, ІІ орынды Үрзада Құралбаева әже,  ІІІ орынды Орал Абишева әже иеленді. «Дәстүрімнің балқаймағы» атты   ақжаулықты  әжелер байқауына белсене қатысқан әжелер арнайы номинациялармен, сыйлықтармен марапатталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға