Жаңалықтар

Air Astana әуекомпаниясын IPO-ға шығару кейінге шегерілді

Бұл туралы Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді
Air Astana әуекомпаниясын IPO-ға шығару кейінге шегерілді
Фото: inform.kz 28.06.2022 18:59 1010

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Air Astana әуекомпаниясын IPO алаңына шығару мәселесін кейінге шегерді, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, барлық портфельдік әуекомпания арасында «AirAstana» IPO-ға барынша дайындалды. Бірақ әлемдегі қазіргі жағдайға, соның ішінде Еуразияның еуропалық бөлігіндегі қақтығысқа байланысты биыл IPO-ға шықпау және келесі инвестициялық мүмкіндікті күту туралы шешім қабылданып отыр.

–Бұл ретте біз компанияның капиталына белгілі бір шарттарды ұсына алатын әлеуетті, стратегиялық инвесторлармен белсенді жұмысты бастап кеттік, – деп түсіндірді ұлттық қор басшысы.

Еске сала кетсек, биыл мамырда «Самұрық- Қазына» әл-ауқат ұлттық қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев AirAstana-ны IPO-ға шығару туралы шешім жазда қабылданатынын хабарлаған еді.

Бұған дейін ұлттық қор басшысы «ҚазМұнайГаз» акцияларының AIX және KASE алаңында IPO-ға шығатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға