Жаңалықтар

Air Astana жолаушысы борттағы "бомба" туралы хабарлады

Air Astana жолаушысы борттағы "бомба" туралы хабарлады
Фото: El.kz 17.04.2023 17:25 850

Астана-Алматы бағытындағы KC996 рейсінде жолаушылардың бірі экипажға ұшақта бомба бар екенін айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Air Astana компаниясының мәліметінше, жолаушылар мен экипаж штатты режимде эвакуацияланды.

Әуе кемесі тексерілді. Рейс 6 сағат 29 минутқа кешікті. Әуе компаниясы аталған рейстің жолаушыларын тамақпен қамтамасыз етті. Бомба туралы ақпарат расталмады, - делінген ақпаратта.

Жалған ақпарат таратқан жолаушы құқық қорғау органдарына беріліп, 273-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға