t.me/airastana

Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды

08.01.2025 19:00

Air Astana әуе компаниясының ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Компания баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты түсінік берді. Ондағы мәліметке сүйенсек, 8 қаңтарда Алматы - Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшып кеткен. Алайда техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонған. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы себеп болған.

Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарда сағат 09: 20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылуда,-делінген мәліметте.