Air Astana билет бағасын негізсіз өсіргені үшін 6,7 млрд теңге айыппұл төлейді
09.06.2023 12:40
Фото:
©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Халықтың авиабилет бағасының үздіксіз өсімін қатты сынға алуы аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана іс-әрекетінде авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.
8 маусымда Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік ауданаралық соты Эйр Астанаға 6,7 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

