t.me/airastana

Air Astana Астана-Алматы бағатындағы рейстің кешігу себебін түсіндірді

Air Astana әуе компаниясы Астана-Алматы бағытындағы рейстің кешігу себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамызда сағат 07.15-те жоспарланған Астана-Алматы бағыты бойынша KC622 рейсі қозғалтқыш қалақтарының зақымдалуына байланысты кейінге қалдырылды. Рейс сол күні сағат 16:20-да FlyArystan ұшағымен ұшады деп жоспарланған. Ал жолдан кешіккен жолаушылар қонақ үйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген. 

Бұрын хабарланғандай, Астанада бұршақ жауып, әуе компаниясының төрт ұшағы бұзылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.