gov.kz

AIF 2025: Әлемдік көшбасшылар мен сарапшылар пікір білдірді

12.05.2025 21:07

2025 жылдың 29–30 мамыр күндері Астанада Astana International Forum (AIF 2025) халықаралық форумы өтеді. Бұл – өңірдегі ең ірі іскерлік шаралардың бірі. Форум жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды, инвесторлар мен бизнес өкілдерін бір алаңға тоғыстырады.

Форум бағдарламасы қазіргі заманның басты сын-қатерлерін қамтиды. Пленарлық отырыс пен 25 дискуссиялық панель аясында үш негізгі бағыт талқыланады: Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік; Энергетика және климаттың өзгеруі; Экономика және қаржы.

Форумның басты мақсаты – ашық диалог орнату, шетелдік капитал тарту, стратегиялық келісімдер жасасу және экономикалық даму бастамаларын ілгерілету.

AIF 2025-ке әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 600 шетелдік қонақ қатысады деп күтілуде. Олардың арасында халықаралық ұйымдар мен корпорациялардың басшылары, саясаткерлер, инвесторлар және ғылым саласының өкілдері бар. Осыған орай сарапшылар форумға қатысты пікір біліріп, ой бөлісті.

Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассани:

Астана экономикалық форумы шешуші сәтте өтіп жатыр. Біз қазір климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық және өршіп келе жатқан теңсіздік сияқты күрделі мәселелерге тап болып отырғандықтан, сындарлы диалогқа деген сұраныс бұрынғыдан да өзекті бола бастады. Дүниежүзілік банк форумның басқа қатысушыларымен бірге шешімдер мен мүмкіндіктерді талқылауға тырысады, әсіресе экономикалық тұрақтылықты нығайту, жақсы және көптеген жұмыс орындарын құру, сонымен қатар қазіргі белгісіздік жағдайында тұрақтылықты арттыру мәселесіне ерекше назар аударады. Мен осы маңызды мәселелерді талқылау үшін «Болашақты қамтамасыз ету: өзгермелі әлемдегі экономикалық тұрақтылықты нығайту» сессиясын асыға күтемін.

Журналист, Bloomberg-тің бұрынғы тілшісі Шарлотта Кан:

Әлем қазір жолайрықта тұр. Қазір салиқалы және инклюзивті диалогты сақтау бұрынғыдан да маңызды болып отыр. AIF өзін қазіргі күні алдымызда тұрған үлкен сын қатерлерді шешу үшін әртүрлі дауысты біріктіретін, бірегей жаһандық платформа ретінде көрсетіп отыр. Бұл осы маңызды диалогты жүргізуге көмектесетін артықшылық.

Германияның бұрынғы елшісі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 2022–2025 жылдардағы төрағасы Кристоф Хойсген:

Біз биліктің жаһандық өзгеру кезеңін бастан өткеріп жатырмыз. Сахнаға мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілер, жаңа ойыншылар шықты, басқалары өздерінің дәстүрлі рөлдерінен алыстады. Бұл процестің нәтижесі әлі анықталған жоқ. Тек күштердің жаңа тепе-теңдігі жалпы нормаларға негізделеді және джунгли заңын көрсетпейді деген үміт бар.

Financial Times шолушысы Тони Барбер:

Астана халықаралық форумы әлем бұған аса мұқтаж болып отырған уақытта диалог орнату үшін баға жетпес мүмкіндікті береді. Форум өзара түсіністікті нығайтуға және күрделі халықаралық мәселелерді шешу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлейді деген уәде беріп отыр.