Жаңалықтар

Аида Балаева журналистерді сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырды

Аида Балаева журналистерді сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.03.2024 15:29 719

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сот отырысына қатысты журналистердің мүддесі қорғалатынын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік әрқашан журналист құқықын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және обиективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайды. Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді, - дейді министр.

Сондай-ақ Аида Балаева журналистерге этикалық аспектілерді сақтау туралы ескерту жасады.

Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады. Жалпы, БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырамын, - деп жазды министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға