Аида Балаева Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
29.09.2023 15:39
833
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында министр Жетісу тұрғындарына ведомствоның жетекшілік ететін салалары бойынша толық ақпарат берді.
Атап айтсақ, мәдениет және архив, медиа және азаматтық сектор, жастар және отбасы саясаты, дін және этносаралық қатынас бағыттарының жұмыстары баяндалды.
Тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, оған министр жан-жақты жауап берді.
Жетісу жұртшылығымен кездесуден кейін Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдап, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы брифинг өткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді