Ақорда

Аида Балаева вице-премьер болып тағайындалды

01.12.2025 10:12

Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының жарлығымен  Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылы – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласынның ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары – ҚР президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2022-2023 жылдары – ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР президентінің жарлығымен ҚР мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.