Жаңалықтар

Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді

Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 02.10.2024 19:05 458

Тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Діни білім беру саласындағы бірлескен жұмысты нығайтуға және екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аида Балаева екі елді ортақ дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген берік бауырластық байланыстыратынын атап өтті. Министр мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аясында ортақ рухани және мәдени құндылықтарды ілгерілетуге ғана емес, сонымен қатар бұл құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өйткені кез келген дін айналадағы адамдарға деген мейірімділікті, қайырымдылықты, сыйластықты, сүйіспеншілікті насихаттайды.

Қазіргі әлемде діни мәселелерді түсіндіру, әсіресе осы бағытта жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аудару маңызды. Әлеуметтік медиада деструктивті ақпарат көбейген жағдайда жақсыны жаманнан ажырата білу қажет. Сенімді және сапалы ақпаратты қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігерімізді жұмсауымыз керек, - деді министр.

Әли Ербаш мұндай кездесулер екіжақты қатынастардың дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Ол Түркияның Дін істері басқармасы Қазақстанмен белсенді қарым-қатынаста болып, студенттерді оқыту мен дамытуға, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған жемісті жұмысты жалғастыруға ниет білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға