gov.kz

Аида Балаева Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті

15.08.2025 16:07

Шымкентте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қала тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Президент тапсырмасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында министр ведомствоның негізгі жобаларын таныстырып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Ашық диалог барысында Шымкент тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесуден кейін министр жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың сауалдарын тыңдады.

Аида Балаеваның сапары БАҚ өкілдерімен өткен брифингпен қорытындыланды. Онда медиа, жастар саясаты және мәдениет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.