Жаңалықтар

Аида Балаева блогерлерге жарнамаға қатысты жаңа ереже туралы ескертті

Аида Балаева блогерлерге жарнамаға қатысты жаңа ереже туралы ескертті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 22.02.2024 12:10 791

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қатысты бірқатар ереже күшіне енетінін еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті достар! Былтыр 10 шілдеде Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды. Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі. Біз зерттеген халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жетекші елдер онлайн-жарнаманың маңызды рөлін және оны онлайн-платформаларда көрсету тетіктеріне ерекше назар аударады, - деп жазды Аида Балаева.

Сонымен қатар онлайн-жарнаманың ашықтығын арттыруға бағытталған талаптарды көздейді. «Әділет» порталында желідегі жарнаманы таңбалау ережелерін белгілейтін бұйрық жарияланды. Ол ереже 2 наурыздан бастап күшіне енеді.

Ережелер бизнеске әсер ету үшін оң бағаланғанын және толығымен Қазақстанның онлайн сегментінде кең таралған қазіргі тәжірибеге негізделгенін атап өту қажет. Осы ережелерді қалыптастыру кезінде коммерциялық негізде орналастырылған контентті өз бетінше белгілейтін медиа-субъектілер тәжірибесіне сүйендік. Біз өз кезегімізде осы трендті Қазақстан Республикасының бүкіл интернет кеңістігіне тарату жөн деп есептейміз, - деп жазды Аида Балаева.

Одан өзге осы ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс.

Олар жарияланымның басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек:

- «жарнама»;

- «жарнамалық материал»;

- «серіктестік материал»;

- «демеушілік материал»;

- «жарнама құқығында»;

- «демеушімен төленген»;

- «PR құқығында»;

- «реклама»;

- «рекламный материал»;

- «партнерский материал»;

- «спонсорский материал»;

- «на правах рекламы»;

- «оплачено спонсором»;

- «на правах PR».

Әлеуметтік жарнаманы (қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған) және жедел хабар алмасу қызметтерінде (мессенджерлер) орналастырылатын жарнаманы белгілеудің қажеті жоқ, - деп жазды министр.

Естеріңізге сала кетейін, ережелер осы жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға