Жаңалықтар

Аида Балаева: «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция бастадық

Аида Балаева: «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция бастадық
Фото: El.kz 04.05.2024 19:22 677

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті достар! Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Осы орайда, «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акция бастадық, - деп жазды министр.

Акция аясында бірнеше министр ауыл аймаққа кітап жіберіп үлгерген. 

Мен өзім Абай Құнанбайұлының ауылы Қарауылға және Қаныш Сәтбаевтың ауылы Баянауылға және өз туған ауылыма әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын, танымдық-ағартушылық әдебиеттерді тарту еттім.
Бұл акцияны өзге де әріпестерім, министрлер қолдап, қазірдің өзінде бірнеше ауылға кітап жеткізіп үлгерді. Мәселен, Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған Бағдат Батырбекұлы жеке атсалысып, еліміздің бірқатар өңіріндегі ауыл кітапханаларына 100 кітаптан табыс етуде, - деп жазды ол.

Басқа да әріптестер таяуда акцияға қолдау көрсетуге ниет білдірді. 

Бұл бастама арқылы шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат етіп отырмыз. 
Акцияға өзге де мекемелер мен ұйымдар, жанашыр азаматтар атсалысады деп сенеміз, - дейді Аида Балаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға