El.kz/Ақмарал Ағзамқызы

AI аудармашы: тіл үйренбей-ақ 150 елде еркін сөйлесуге болады

04.09.2025 15:23

Жасанды интеллект бүгінде тек мәтін жазып немесе сурет салып қана қоймайды. Енді ол әтүрлі тілде сөйлейтін адамды тікелей тілдестіре алатын деңгейге жетті. Қытайдың Шэньчжэнь қаласында LAiPIC.AI стартапы әзірлеген InnAIO AI Translator – әлемдегі алғашқы құрылғы. Ол бір батырмамен 150 тілде еркін сөйлесуге мүмкіндік береді. El.kz интернет-порталының тілшісі ЖИ-тілмаштың қалай жұмыс істейтінін көрді.

Бүгінде бір елден екінші елге бару да, әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдармен тілдесу де күнделікті үйреншікті құбылысқа айналды. Жыл сайын миллиондаған турист жаңа елдерді аралап, мыңдаған компания шетелдік серіктестермен келісімшарт жасайды. Бірақ осы қарым-қатынастардың бәрінде ортақ бір мәселе бар - тіл білмеу.

Тілді меңгермеген адамға қарапайым жағдайдың өзі қиындық тудырады: әуежайдан түсе сала таксиге отыру, қонақүйге тіркелу, мәзірден тамақ таңдау, бастысы іскерлік келіссөз жүргізу. Бұған дейін бұл мәселені шешудің үш негізгі жолы болды:

  • Google Translate - ыңғайлы, бірақ интернетке тәуелді және ойыңды дұрыс жеткізуге қауқарсыз.
  • Арнайы аудармашы жалдау - кәсіби әрі сенімді шешім болғанымен, оның құны жоғары және кез келген жағдайда қолжетімді бола бермейді.
  • Тілді өз бетімен үйрену - ең тиімді тәсіл болғанымен, ол көп уақыт пен күшті талап етеді.

Дәл осы жерде InnAIO AI Translator өзгешелігімен көзге түседі. Бұл құрылғы бір ғана батырмамен 150-ден астам тілде тікелей, нақты уақыт режимінде аударма жасайды. Ең бастысы - аударманы роботтық емес, табиғи түрде, қолданушының өз дауысымен жеткізе алады. Яғни, сізге қосымша ашудың қажеті жоқ, интернеттің бар-жоғын уайымдамайсыз, қасыңызда кәсіби тілмаш отырмаса да, кез келген ортада еркін сөйлесе аласыз.

Фото: El.kz

InnAIO AI Translator-дың басты артықшылығы - оның артында тұрған жасанды интеллект жүйесі. Құрылғы DeepSeek-R1 платформасында жұмыс істейді. Сол арқылы жүйе 150-ден астам тілде, оның ішінде ағылшынның 16 диалектісі, испанның 23 нұсқасы және араб тілінің 18 түрінде мәтін мен дауысты нақты уақыт режимінде аудара алады. 

Дауыс көшіру (Voice Cloning)

InnAIO-ны ерекше ететін тағы бір мүмкіндік - voice cloning технологиясы. Қолданушы құрылғыға қысқа мәтінді оқып берсе жеткілікті, жүйе дауыс үлгісін сақтап алады. Кейіннен аударылған сөйлемдер дәл сол адамның өз дауысымен қайта шығарылады. Бұл қарапайым аудармашыдан мүлде бөлек әсер қалдырады: әңгімелесуші роботтың үнін естімей, сіздің табиғи интонацияңызды қабылдайды.

Офлайн режим

Көптеген аударма қосымшалары интернетке тәуелді. Ал саяхат кезінде немесе шалғай аймақтарда бұл үлкен кедергіге айналады. InnAIO бұл мәселені шешіп отыр: құрылғы офлайн режимде де жоғары сапалы аударма жасай алады. Ол үшін алдын ала қажетті тілдерді жүктеп алу жеткілікті. Осылайша, сіз интернетке қол жеткізе алмасаңыз да, кез келген жағдайда қарым-қатынасты жалғастыра бересіз.

InnAIO-ның технологиялық негізі оны қарапайым аудармашылардан бір саты жоғары қояды: ол тек «аударып қана қоймайды», сөйлесу мәдениетін шынайы әрі табиғи қалыпта сақтайды.

150+ тіл мен диалект

Құрылғы 150-ден астам тіл мен диалектіні қолдайды. Оның ішінде ағылшынның 16 диалектісі, испанның 23 түрі, араб тілінің 18 нұсқасы бар. Бұл ерекшелік InnAIO-ны тек халықаралық байланыс құралы емес, мәдени айырмашылықтарды сақтай отырып сөйлесудің сенімді шешіміне айналдырады. Бағасы - $199.

Фото: El.kz

0,5 секундта жедел аударма

Құрылғы бар болғаны 0,5 секунд ішінде айтылған сөзді аударады. Бұл жылдамдық адам миының қабылдау уақытына барынша жақын, сондықтан аударма әңгімеге кедергі жасамайды.

Кәдімгі аударма қосымшаларында сөйлемді айтып біткен соң күтуге тура келеді: мәтін өңделеді, интернет арқылы серверге жіберіледі, қайта оралады. Осы уақыт ішінде диалогтың табиғи ағымы үзіліп, әңгімелесушілер арасында ыңғайсыздық туындайды.

InnAIO болса, бұл мәселені түбегейлі шешіп отыр. 0,5 секундтық жедел жауаптың арқасында әңгіме шынайы уақыт режимінде өрбиді. Сіз шетелдік серіктеспен сөйлесіп тұрғанда, ойыңыз бен сөзіңіз аударылып үлгергенін сезбейсіз де. Бұл – іскерлік келіссөздерде, дипломатиялық кездесулерде немесе қарапайым тұрмыстық жағдайда болсын, өзара түсіністіктің ең тиімді кепілі.

Яғни, InnAIO тек аударманы жеделдетіп қана қоймайды, ол қарым-қатынастың табиғи ағымын сақтап, тілдік кедергіні толықтай жояды.

Мәтін, фото және бейнеқоңырауларда қолдану

Құрылғы тек дауыстық аудармаға шектелмейді.

  • Мәтінде бірден дұрыс аударманы енгізеді.
  • Фотоаударма функциясы арқылы мәзірлерді, белгілерді, құжаттарды түсіріп, жылдам аударады.
  • Бейнеқоңырауларда нақты уақыт режимінде аударма жасап, түсінбеушілікті жояды.
  • WhatsApp, Telegram, Messenger, WeChat сияқты мессенджерлерде тілдік кедергіні толығымен алып тастайды.
Фото: El.kz

MagSafe дизайны

InnAIO - ықшам әрі заманауи құрылғы. Ол Apple-дің MagSafe жүйесі арқылы iPhone артына магнитпен мықтап жабысып тұрады. Қалыңдығы небәрі 0,17 дюйм, салмағы бар болғаны 35 грамм. Мұндай жеңіл әрі ықшам пішін құрылғыны кез келген жерде пайдалануға мүмкіндік береді.

Ыңғайлылық

Қосымшаларда әрдайым экранды ашық ұстау керек. Ал InnAIO-да бір ғана батырманы басу жеткілікті. Құрылғы телефон артына магнитпен жабысып тұрады және артқы фонда жұмыс істей береді. Бұл - ұзақ сапарларда да, шулы ортада да ыңғайлы шешім.

Дәлдік

Көпшілікке таныс онлайн-аударма қосымшалары күнделікті тұрмыстық қарапайым сөздер мен сөйлемдерді жеткілікті деңгейде аударады. Мәселен, жол сұрау, мәзірді оқу немесе қарапайым хат алмасуда олар тиімді. Алайда күрделі контексті қажет ететін жағдайларда – саяси терминдер, техникалық анықтамалар немесе іскерлік келіссөздердегі кәсіби ұғымдарда – қателіктер жиі кездеседі. Мұндай кезде аударма мағынасы бұрмаланып, түсінбеушілікке әкелуі мүмкін.

Ал InnAIO AI Translator арнайы тілдік модельдерге сүйене отырып, ресми құжаттар мен кәсіби лексиканы жоғары дәлдікпен жеткізеді. Саяси жиындарда сынақтан өткен құрылғының көрсеткіші – 98%-дан астам дәлдік. Бұл – халықаралық форумдағы баяндамалардан бастап, келісімшарт мәтіндеріне дейінгі күрделі аудармаларды сенімді орындауға мүмкіндік береді.

InnAIO тек сөздерді аударумен шектелмей, сөйлемнің жалпы мәнін, сөйлеушінің ойын сақтап қалады. Осылайша, ол жай ғана көмекші емес, кәсіби деңгейдегі интеллектуалды аудармашыға айналып отыр.

Дауысты қайталау мүмкіндігі

Кәдімгі қосымшалар аударманы роботтық үнмен жеткізсе, InnAIO voice cloning технологиясының арқасында сөйлемдерді қолданушының өз дауысымен қайта шығарады. Бұл қарым-қатынасты әлдеқайда табиғи етіп, әңгімелесушіге сенімді әсер қалдырады.

InnAIO AI Translator – жай ғана аудармашы емес. Ол – адамдар арасындағы тілдік кедергілерді жойып, әлемді жақындастыратын заманауи көпір. Бұрын тіл айырмашылығы бөгет болса, қазір ол шынайы әрі еркін диалог құруға кедергі емес. InnAIO көмегімен сіз саяхатта жүрсеңіз де, ресми кездесуде болсаңыз да, онлайн байланыс орнатсаңыз да еркін сөйлесесіз.

Бұл құрылғының өмірге келуі – жаңа коммуникация дәуірінің басталғанының айқын дәлелі. Жасанды интеллект енді тек ақпарат алмасу құралы ғана емес, өзара түсіністік пен сенімді байланысты нығайтатын сенімді серіктес рөлін атқарып отыр.