Жаңалықтар

«Ағасына көмектескен». Бишімбаевтың бауыры қанша жылға қамалады

«Ағасына көмектескен». Бишімбаевтың бауыры қанша жылға қамалады
Фото: Коллаж El.kz 19.01.2024 15:43 2676

Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенова ісі бойынша адвокат Жанна Уразбахова бірқатар деректерді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нүкеновтер отбасының адвокаты экс министр Қуандық Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатқанын айтты.

«Күдіктінің бауырыаса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді. Қазір бауыры 2 бап бойынша күдікке ілініп отыр: Қылмыстық кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасыру»); Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау»), - деп жазды адвокат.

Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс пен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралатыны анықталды.

Ал әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев қандай бап бойынша тергеліп жатқанын бүған дейін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға