Жаңалықтар

"Ағасы Сапарбаевтың ықпалы тиді ме?" Нәлібаев әкім болуға кімнің көмектескенін айтты

"Ағасы Сапарбаевтың ықпалы тиді ме?" Нәлібаев әкім болуға кімнің көмектескенін айтты
Фото: © ОКҚ 07.12.2023 16:00 1558

Бүгін Астанада өткен брифингте тілшілер Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтан жоғары лауазымға тағайындалуына марқұм ағасы Бердібек Сапарбаевтың ықпалы тиді ме деп сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сауалға жауап берген әкім  өз еңбегімен келгенін айтты.

Ол кісі маған қалай қолдау көрсете алады? Әкімді кім тағайындайтынын білесіздер ме? Әкімді Президент тағайындайды. Біліміне, еңбегіне қарай депутаттардың келісімімен тағайындалады. Менің биографиямды қарасаңыздар, мемлекеттік қызметте 20 жылға жуық уақыт қызмет атқарып келе жатырмын. Өз еңбегіммен тағайындалдым деп есептеймін. Кеше мемлекет басшысы облысымызда іссапармен болды. Істеліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мен жұмыстардың бәрін өзім ғана жасап бітіріп жатырмын деп айтпаймын. Президентіміздің, Үкіметіміздің қолдауымен, сол жердегі халықпен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс. Дұрыс жұмыс болмаса, оң баға бермейтін еді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға