«Ағасы да парамен ұсталған еді»: Атырауда судья қамауға алынды
17.01.2024 12:14
Фото:
t.me/kozachkow
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясы Ерболат Аманғалиев қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ерболат Аманғалиев пара алды деген күдікке ілінді. Оны жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлері бірлесе отырып қолға түсірді.
Ол кәсіпкерден 3 миллион теңге алды деген күдікке ілініп отыр. Ерболат Аманғалиев тендер ұтып алуға көмектесемін деп уәде берген. Іс менің деректерім бойынша, “Алаяқтық” бабы бойынша тіркелді. Тағы бір нюанс бар. 2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев пара алғаны үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Иә, олар Ерболат екеуі – бауыр”, – деп жазылды арна мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

